Өзің немесе жақындарың мұндай жабайы қылықтарға тап болса, есіңе алып, қысқаша сипатта (мәтін, сурет немесе лозунг арқылы) және плакат немесе кез-келген арт-объект жаса. «Хайуандар әлеміне» «ЖОҚ» деп айту үшін жаныңа адам жинап, акцияға кел.
Адамдар күні бойы бір-бірін ұрып-соғып жүргенде, Әділетті Қазақстанды қалай құруға болады? Әлсіз кез келген жерде «ЖОҚ» дегені үшін таяқ жейді.
БАҚ деректері бойынша, 9 қараша күні экс-министр Қуандық Бишімбаевтың елордалық мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы жаңалық бүкіл Қазакстанды елең еткізді. Кейінірек белгілі болғандай, әйел бірнеше сағат бойы өлім аузында жатты, алайда жағдайды өзгертуге тырысып, қарсылық көрсетіп, полиция шақырған жан табылмады.
Біз әлі де «хайуандар әлемінің заңдары» бойынша өмір сүрудеміз. Бұл бәріне қатысты. Қызына да, ұлына да. Шахматшыларға да, тіпті бокс чемпиондарына да қатысты — бірақ оларға, «хайуандар» топ болып шабады.
Келмей ме? Онда үндемей отыра беруге болмайды!
Біз зорлық-зомбылық орын алған барлық жағдайларды жинамақшымыз.
Абыройынан айырған, ұрып-соққыға жыққан, өлтірген жағдайлардың бәрін. Жарияланған, жарияланбаған, балабақша, мектеп, көшелерде болсын, жыныс, лауазым, жас ерекшеліктеріне қарамай бәрі жиналады.
Адамның адамгершілігі сұрақ астына қойылатын барлық жағдайларды жинап, бірақ шошып, кейін ұмыту үшін емес, зорлық-зомбылықты тудыратын СЕБЕПТЕРДІ анықтау үшін. Олардың ішіндегі ең бастысы:
«ЖОҚ» деген сөзді қабылдай алмау
Акция 26 қараша күні сағат 12.00-де Алматы қаласы Сарыарқа кинотеатрының артындағы саябақта өтеді.
Біз бір-бірімізді ұруды қашан доғарамыз? Әрі қарай «хайуандар әлемінің заңдары» бойынша өмір сүргіміз келе ме? «Хайуандар» арасында өмір сүргіміз келе ме?